Ауыл ішілік жол, көше жарығы тартылса

Бақсай ауыл әкімі Қайыржан Мәжиев есеп беру жиыны барысында кезекті баяндамасын халық назарына ұсынды.

Одан әрі жарыссөз алаңына шыққан ауыл тұрғындары ауыл ішілік жол түсіп, көше жарығы тартылса, жастарға арналған спорт алаңы мен жаңа балабақша салынса деген өтініштерін айтты. Ауылда дәрігердің жоқтығын алға тартып, білікті маманды тұрақтату үшін дәрігерлерге арналған тұрғын үй салынса деген ұсыныстарын жеткізді.

b

Осыдан үш ай бұрын ауылда орын алған келеңсіз оқиға, 9 үйдің қорасындағы пішені өртенуіне байланысты, істің ақ-қарасын әділ анықтауды сұрады.

Ұсыныс, пікір, тілектерден кейін сөз алған аудан әкімі ауыл ішілік жол, көше жарығы және спорт алаңының жоқтығынан, балабақшаның тарлығынан толық хабардар екенін, алдағы уақытта бұл мәселенің барлығы да оң шешімін табатынын мәлімдеді.

Жалпы аудан бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігін облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаперіне беретінін айтты.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT