Жазғы әуесқой балық аулау маусымы басталды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, 16-шы маусымнан бастап өзен, су қоймалары мен тоғандарда жазғы әуесқой әрі спорттық балық аулау маусымы басталған болатын.
Балықшылар балық аулау ережесін сақтай отырып балық аулаумен қатар, әлеуметтік желіде уақ балықтарды кері суға тірі күйінде жіберу туралы челлендж ұйымдастырып, балық қорының көбейіп, өсіп-өнуіне өз үлестерін қосуда. Осы челлендж одан әрі жалғасын тауып, тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болса дейміз.
Әуесқой балық аулау тәртібінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек жеке куәлікпен бір балықшының 5 ілмектен артық қолдануына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, тыйым салынған құралдарды пайдалануға, тәуліктің түнгі уақытында балық аулауға, бір шыққанда 5 келіден артық балық аулауға болмайды. Егер балық аулау тәртібін бұзғандар анықталса, әкімшілік жауапқа тартылып, 10АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Т.ЕСМУХАНОВА,
Махамбет аудандық балық инспекциясы бөлімінің бас маманы
Сурет:дереккөз