Ауданымызда еріктілердің бастамасымен бүгіннен бастап «Біз біргеміз» штабы құрылды.
Мақсаты - төтенше жағдай кезеңінде, жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалпы көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келгенше көмек көрсету. Қазірдің өзінде аталған штаб құрамына 50-ден астам ерікті тіркелді.
Егер өзгелерге қолдау көрсеткіңіз келсе, байланыс нөмірлері: 8(71236)31002 немесе 8-702-873-72-56, 8-707-559-87-39 нөміріне хабарлассаңыз болады.
Мекен жайы: Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық Шұғыласы газетінің 50 жылдығы 31 үй.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимараты.
«Жайық-Ақпарат»