Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет 16 сәуір - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күніне арналған шағын футбол мен волейболдан спорттық іс-шара өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спартакиадаға жергілікті мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелерден 15 команда қатысты. Атап айтсақ, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Исатай ауданы, Индер ауданы, Мақат ауданы, Махамбет ауданы, Қызылқоға ауданы, Құрманғазы ауданының әкімдіктері мен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау Жарық» ЖШС, «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметкерлері.
Жарыстың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұртаев Қайрат Талапұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әр ұпай үшін таласқан спортшылар командалары үшін белсене атсалысып, сайыс бәсеке мен қызу тартысқа толы өтті. Сондай-ақ, трибуналарда айрықша атмосфера тудырған жанкүйерлердің белсенділігі де жоғары болып, қолдарына ұстаған плакаттары мен ұрандары әріптестерін жеңіске жетелегені байқалды.
Спартакиаданың алғашқы күнінде шағын футболдан жүлделі I орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасының командасы, II орынды «Атырау Жарық» ЖШС командасы, III орынды «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалы командасы иеленді.
Екінші күнге жалғасқан ерлер мен әйелдер арасындағы волейболдан I орынды «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалының командасы, II орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасының командасы, III орынды Махамбет ауданы әкімдігінің командасы жүлделі иемденді.
Сонымен қатар, екі күндік жарыс бойынша командалық есепте I орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы, II орынды «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы, III орынды «Атырау Жарық» ЖШС иеленіп, командаларға арнайы марапаттар табысталынды.