Ауданда "Таза Қазақстан" іс-шарасы барысында 39 құқық бұзушылық анықталды

Махамбет ауданы полиция бөлімі Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыруға бағытталған Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес табиғат заңнамасы мен экологиялық нормаларды сақтауға бағытталған "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Оның негізгі мақсаты - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мүдделі органдармен бірлесіп, адамдар көп жиналатын жерлерді, атап айтқанда, аудан аумағындағы Жайық өзені жағалауларына, демалыс орындарына рейдтік іс-шаралар жүргізу болып табылады.

Шара барысында Жайық жағалауында карантиндік шектеулерді ескермей, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде суға түсіп жүрген ересектер мен жасөспірімдерді анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабы бойынша - 19;

масаң күйде суға түсу, қоғамдық орындарға масаң күйде келгендері үшін - 7;

ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін - 11;

ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабы бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 1;

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін - 1 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.

Б.Арыстанбаев,

аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы,

полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз