Ауданда тағы жаңа қоныс табысталды

Ауылдағы ағайынның қойыны тағы да қуанышқа толып, қоныс тойға дайындалып жатыр. Иә, көппен көрген ұлы той демекші, бүгін ауданымызда тағы бір 3 қабатты, 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне табыс етілді.

Салтанатты шараға арнайы келіп қатысқан аудан әкімі Жәрдемағали Бахуұлы:

- Жыл басынан бері 1,1 млрд, теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі баса назар аударып, нақты тапсырмалар жүктеп отырған баспана мәселесі біздің аймақта жылдан жылға шешімін тауып жатыр. Міне, бүгінде аудан орталығынан осындай әсем қалашық бой көтеріп, екі тұрғын үй табысталса, үшіншісінің құрылыс –монтаж жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта тағы да 36 пәтерлік 3 қабатты үш үйдің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға арнап биыл 29 тұрғын үй сатып алу үшін республикалық және облыстық бюджеттен ақша қарастырылғанын да айта кеткім келеді. Осы игіліктің барлығы тек сіздердің қолайлы өмір сүріп, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, елге адал қызмет етулеріңіз үшін жасалып жатырған үлкен мүмкіндік. Қоныстарыңыз құтты, шаңырақтарыңыз берік болсын,-деп халыққа ақжарма тілегін арнады.

6

Жылдар бойғы кезегін күтіп, пәтер алғандардың арасында жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

60ui2

Солардың бірі, ерекше бала тәрбиелеп отырған ана Бағыт Себекбаева да аудан басшылығына алғысын білдірді.

60ui

«Өз үйім, өлең төсегім» дегендей баспаналы болудың бақытын сөзбен жеткізу қиын әлбетте. Бірі бауырын, бірі туысын, енді бірі құрбысын қолдап келген көп адамның арасынан еріксіз көзіне жас алғандарды да көрдік.

60ui3

60ui7

60ui6

Бұл қуаныштың көз жасы еді. Дәл осындай «бір қазақтың бағы үшін, қуанатын мың қазақ» мерейлі күндеріміз көп болса екен.

Айнұр САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT