Ауданда «Парасат жолы» орталығы іске кірісті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен тың жобасы барлық кітапханаларда 1 сәуірге дейін жүзеге аспақ.

Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы – кітапханаларда «Парасат жолы» орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Махамбет аудандық кітапханасында да аталған орталық ашылып, құрамына отызға тарта аузы дуалы ардагерлер, ақын-жазушылар, жастарды жиып, іске кірісті. Негізгі мақсаты – жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егу, зиялы қауым өкілдерінің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел бастаған қоғамды жайлаған жегіқұртпен күрескерлер Махамбет ауданына келіп, келелі кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен тың жобасы барлық кітапханаларда 1 сәуірге дейін жүзеге аспақ.

s

- Біздер республиканың бірқатар өңірінде болдық. Осы аралықта «Парасат жолы» орталығы халық тарапынан қызу қолдауға ие болуда. Тек бұл ғана емес, «Адалдық алаңы», «Ашық әкімдік» жобалары қазіргі күні ең қажетті әрі Мемлекет басшысының «Халыққа жақын Үкімет» қағидатын орындау бағытында жасалып жатқан жарқын істер деуге әбден болады. «Парасат жолына» мүше ақын-жазушылар өздерінің көргені, түйгені арқылы келер ұрпақты жемқорлыққа жоламауға, парасаттылыққа, адалдыққа ұмтылуға шақырмақ, -деді республикалық орталықтың жетекшісі Сәдібек Түгел.

k

Сондай-ақ, ауданған арнайы келген өкілдер ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, аталған салада орын алып жатқан сыбайлыстыққа қарсы бірқатар шаралардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, «Ашық әкімдік»-те болып, қызмет көрсету сапасымен танысып, жасалған жұмыстарға оң бағасын берді.

А.ҚАЗБЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT