Махамбет ауданы көлемінде «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мал ұрлығы ауылды жерлерде өзекті мәселе болып келеді. Ағымдағы жылдың 23-25 ақпан аралығында облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты -мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Ветеринар мамандармен бірлесе отырып, құжаттарсыз жануарларды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау, аудан аумағында орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілуде.
Малдың еркін жайылымы, яғни өрісте мал иесіз жайылып жүрген жерінінен қолды болып ұрлану фактісінің алдын алу мақсатында иесіз жүрген мал бастарын арнайы қоражайларға қамай отырып, иесіне Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы №364-V «Атырау облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидасын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ағымдағы жылы 30 қазандағы №485-VI шешімімен Атырау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидалары бекітілген. Аталған шешім әділет органдарында тіркеліп, күшіне еніп, қолданысқа енгізілгенін ескере отырып ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Аудан аумағында мал ұрлықтарына қарсы күресу жұмыстарын жандандыруға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылу үстінде.
Е.ЗИНЕЛҒАБИТОВ,
аудандық АПБ-нің аға жедел уәкілі,
полиция капитаны
Сурет:дереккөз