Ауданда "билер кеңесі" құрылды

Атырау облыстық соты «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында өңірдегі ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес, «Жас Отан» жастар қанаты, «Елсана» қоғамдық бірлестігі, қала орталығындағы үш медиация орталығы арасында татуластыру институтын насихаттау және «Билер кеңесі» деп аталатын кеңесші-сабағаттық ұйым құру мақсатында ынтымақтастық туралы сегіз жақты меморандум жасақтаған болатын.

Осы меморандум талаптарын орындау мақсатында Махамбет ауданында билер Кеңесін құру мәселесін талқылаған жиын болып өтті.

Аудандық сот төрағасы Б.Қадырғалиев алдағы уақытта Махамбет аудандық сотында өтетін мәжілісте кеңеске кіруге ниет білдірген ауданның белгілі, беделді тұлғаларының кандидатурасын жан-жақты талқылау арқылы мәжіліс хаттамасымен жеті адам кеңес мүшесі болып бекітілетінін айтып түсіндірді. Кеңеске мүшелікке отставкадағы судьялар, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері кіре алады.

Аталған ұйымның үлгілік Ережесі жасақталып, онда «Билер кеңесінің» қандай қызметпен айналысатыны түсіндірілген. Аудандық сот төрағасы бұл Ереже әлі де толықтырылатынын, заңдастырылатынын айтып өтті. Жоғарыдағы Ереже талабына сай келетін жеті адам іріктеліп алынып, олар ашық дауыспен аудандық «Билер кеңесінің» төрағалығына елге сыйлы, іскер азамат, аудандық мәслихат депутаты С.Шотпақовты сайлады. Облыстық әділет басқармасына тіркелу, орын мәселесін шешу, басқа да ұйымдастыру шаралары басталып кетті.

Н.ЕРҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз