Ауданда ағаш отырғызу акциясы өтті

«Менің атаулы ағашым»

«Менің атаулы ағашым».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде халықтың өмір сапасы мен денсаулығы өңірдің экологиясына тікелей байланысты екендігін баса айтқан болатын. Махамбет ауданында экологиялық мәселелер жоққа тән болса да, жыл сайын ағаш отырғызып, табиғаттың түлеуіне, ауылдың гүлденуіне тұрғындар атсалысып келеді.

a

Осыған орай, Махамбет ауданындағы «Жастар саябағында» Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі ұйымдастыруымен ағаш отырғызу акциясы өтті. «Менің атаулы ағашым» атты шараның мақсаты – саябақтарды көгалдандыру бағытындағы жұмыстарын тиімді жүргізу.

- Аталған акция барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің және жастар ресурстық орталығының мамандары, ауданның белсенді жастарының қатысуымен 50 түп көшет отырғызылды. Ауданымыздың жастарын кіндік қанымыз тамған қасиетті мекенімізді көркейтуге, табиғатымызды қастерлеп, оған немқұрайлықпен қарамауға шақырамыз, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сінің Махамбет ауданы бойынша маманы Айбек Саматұлы.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT