2025-2026 Жаңа оқу жылына байланысты балалардың оқумен қамтылуы, отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, олардың жыныстық тәуелсіздігін қорғауға бағыттала отырып, өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ата-аналармен тәрбиеленетін балалардың құқығын қорғау, кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында, ағымдағы жылғы 29 қазан 1 қараша аралығында аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бөлімнің ювенальды полиция тобының қызметкерлерімен ІІО-ның есебінде тұрған қолайсыз отбасылар, қажеттілік туындаған жағдайда өгей әкемен және анамен тәрбиеленетін балалары бар отбасылар мекен-жайлары бойынша тексеріліп, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстардың алдын-алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
А.Елешова,
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
ювеналды полиция тобының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры

