Қадірлі журналистер, баспасөз саласының қызметкерлері! Құрметті баспасөз ардагерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Баспасөз күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке жергілікті ел өміріндегі елеулі саяси оқиға болып саналады.
Еркін сөз бостандығын қалыптастыруды көздеген қазіргі заманда журналистикаға артылар жауапкершілік жүгі айрықша.Ақпараттық технологияға ауысқан тұста аталған саланың маңыздылығы мен мәртебесі тіптен арта түсті. Қас-қағым сәтте дүбірге толы дүниенің төрт бұрышынан хабар алдыртып, сан тарапқа тарата алатын тілшілердің қолына толағай күш топтасты.
Ауданымыздың «Жайық шұғыласы» газеті мемлекеттік мүдде мен ұлттық ұстанымды басты бағдаршамға айналдырып аудан жаңалықтарының жарқын хабаршысы ретінде қоғамдық ахуалды айқындап, көпұлтты халқымызды рухани қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып келеді.
Қазіргі кездегі экономикалық, саяси және қоғамдық үрдістердің қарқынды ырғағы біздің өмірімізде ақпараттың маңызды орын алатындығын айғақтайды. Сіздер арқылы қалың жұртшылық тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады, білімін толықтыра түседі.
Сіздер қазіргі дәуірдің жылнамашысы ретінде барлық саланың дамуына, туған өлкені сүйіп, құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, біздің қоғамдағы адамгершілік бастауларды нық қалыптастыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кей жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткіземіз.
Баспасөз адамның ақылы мен жүрегіне ерекше әсер етіп, оның сөзінің құдіреті кез келген қуатты қаруға да қарсы тұра алады. Сондықтан, үлкен жауапкершілік – Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистерді әрдайым мақтан тұтамыз.
Бүгінгі мереке күні өз оқырмандарыңыздың таңдаулысы болып қала берулеріңізді және шығармашылық табыс, кәсіптеріңізге сәттілік, мықты денсаулық тілеймін!
Әрдайым қаламдарыңыз мұқалмасын,халыққа жасалған қызметтеріңіз Сіздерге абырой әкелсін! Шығармашылық табыстың көкжиегінен көріне беріңіздер!
Р.ЖАНҚЫЛЫШ,
аудан әкімі