Ардагер газет ұжымын төл мерекемен құттықтады

Бүгін «Жайық шұғыласы» редакциясына ең алғашқы болып Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ардагер Мәндірғали Оразғалиев келіп, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

- Өзіндік тарихы мен өзгеге ұқсамайтын дәстүрі қалыптасқан, айтар ойы мен шертер шежіресі бар, аудандағы ұлттық өнер мен мәдениеттің насихатшысы болып келе жатқан «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымын бүгінгі баспасөз күнімен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Әрқайсысыңыздың шаңырағыңыз қуанышты сәттер мен шаттыққа толы болғай, қаламдарыңыз ұштала берсін, шығармашылық табыс тілеймін! –деді ол.

Өз кезегінде аудандық басылымның бас редакторы Б.Сүйеуова да мерекеде алғаш рет құттықтап келген ардагерге алғысын айтты.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз