Аудан әкімі Р.ДЖАНГЛИШОВТЫҢ халыққа ҮНДЕУІ

көпшілігіміз осы талаптарды сақтамай, індеттің одан әрі өршуіне жол беретініміз жасырын емес

Өткен жылдан бастау алған аса қауіпті коронавирус індеті адамзат баласын өз құрсауына алып, халық әлі де ауыр сынақты бастан өткеруде.

Бұл ауру адамдардың денсаулық жүйесіне елеулі нұқсан келтіріп қана қоймай, бірқатар жанұяларды қайғы-қасіретке ұшыратуда.

Мамандардың ескертуі бойынша індетке шалдықпаудың қарапайым жолы – қоғамдық орындарда медициналық бетпердені тастамай тағып жүру, әлеуметтік арақашықтықты, жеке бас гигиеналық тазалықты сақтау және адамдар шоғырланатын іс-шараларға қатыспау болып табылады.

Алайда, көпшілігіміз осы талаптарды сақтамай, індеттің одан әрі өршуіне жол беретініміз жасырын емес.

Күнделікті өмірде болатын үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алулар және өзге де отбасылық, ұжымдық шаралар толастамауда. Бұл жағдайлар аурудың күрт артуына соқтыруда. Соған қарамастан түрлі іс-шаралар жасырын түрде өтуде. Жер-жаһанды сансыратқан індеттің қауіптілігін білсек те сақтанбаймыз! Бұндай салғырттық жақын арада қоғам денсаулығының оңалмауына әрі ұлттық қауіпсіздік тұрғысында аса қауіпті жағдайға соқтыруы ықтимал.

Қадірлі ағайын!

Медициналық тұрғыда індетті жеңудің төте жолы екпе алу болып табылады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев маңызды шараға жаппай қолдау көрсетуге үндеуде. Жақында өзім де екпе алып, қауіпті індетті жеңу жолындағы маңызды қадамымды жасадым.

Бұл індетті барша қоғам болып атсалысу арқылы ғана жеңетінімізді түсінуіміз керек.

Сондықтан барлық санитарлық нормалар мен сақтық шараларын қатаң ұстанып, тойлар мен қонақтықтарды және басқа да шараларды кейінге шегеріп, қоғам саулығы үшін екпе алу қажеттілігін барша аудан тұрғындарының назарына бере отырып, өз денсаулығымызды көздің қарашығындай сақтауға шақырамын!

Әрбір адамның саулығы мен бас амандығы мемлекеттің басты назарында екенін ұмытпайық!

Р.ДЖАНГЛИШОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521