Атырауда кәсіпкерлерге арналған жиын өтті

ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Президиумінің төрағасы Тимур Кұлыбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп, онда өңір экономикасын дамытудың түрлі мәселелері қаралды: кадрларды дайындау, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту, т.б.

Бұл отырыс отандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

- Шын мәнінде, жақсы мейрам. Өздеріңіз білесіздер, Атырауды туған қалам деп айта аламын. Әкем осында бес жыл қызмет етіп, облысты басқарды. Өзім 1997 жылдан бері осы облыспен, мұнай-газ саласымен, экономиканың басқа секторларымен ажырамас байланыстамын. Әрине, осы жерде, Атырауда мұнайдың 120 жылдығын мерекелеуге қатысу мен үшін үлкен мәртебе,-деген Тимур Кұлыбаев одан әрі отандық тауар өндірушілер ұзақ мерзімді контрактілерге қатыса алатынына, соның арқасында өндірісті жаңартып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға болатынына тоқталды.

0722

Атырау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Абдолла Идресов өңірдегі бизнестің дамуы туралы баяндап, проблемалық тұстарға тоқтап өтті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев билік пен бизнестің қарым-қатынасы мәселесіне назар аударды.

- Мына мәселеге назар аударғым келеді. Бизнес субъектілерін қолдау туралы айта отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы билік кәсіпкерлердің адалдығына, инабаттылығына назар аударатынын атап өтті. Бизнестің дамуы адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Мәселен, бір кәсіпкер автотұрақ жасаймын деп алған жеріне жазғы кафе салып, нәтижесінде айналадағы үйлердің тұрғындары таңғы сағат 4-5-ке дейін шудан ұйықтай алмаймыз деп шағымданды. Оның себебін білейін деп барған әріптестерімнің үстінен кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке арыз жазып, жаңағы қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. Не үшін деген сауал туындайды.

Тұрақтылықты, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган ретінде біз бұған жауап береміз. Ал, бұл жерде мемлекеттік қызметшілер қараланып отыр. Сондықтан, бизнесмендерден түсінікпен қарап, ақпаратты тек өзіне тиімді түрде ұсынбауды сұраймын. Қай кәсіпкер де табыс түсіруге ұмтылады, бірақ, қоғамдық қауіпсіздік те маңызды екенін ескеру керек,-деді Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT