Атыраулық журналистер Қостанай қаласында семинар-тренингтен өтуде

Қостанай қаласында Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен 2022 жылдың 27-28 сәуірі аралығында «Fake news.

Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Шараға Қазақстанның барлықоблыс, аудан, аймағынан арнайы сауалнамаарқылы алдын ала іріктеуден өткен 30 журналист қатысып жатса, оның ішінде Атырау облысының 4 журналисі бар. Журналистердің жол, тамақ, қонақүй шығыдары Түркітілдес журналистер қорыөтейді.

БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруғабағытталған семинар-тренинг бұған дейін зум платформасы арқылы төрт ай бойы онлайн форматтаөткен. Офлайн форматта 2022 жылдың 8-9 сәуірінде - Алматы қаласында, 11-12 сәуірде Шымкент қаласындаекі күн бойы республиканың түкпір-түкпірінен жиналғантелеарна, газет, сайт, радиоарнада жұмыс істейтін 52 журналист қатысып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндікалды. Семинар-тренингтің жалғасы Шымкент қаласында тағы екі күнге жалғасты. Шеберлікті шыңдаусабағына шетелдерден арнайы медиамамандаршақыртылып, дәріс оқыды. Атап айтсақ, екі қаладаұйымдастырылған семинар-тренингке БританияданБатан Өз, Нидерландтан Юсуф Оскан келді. Оларжергілікті журналистерге жалған ақпардың салдарымен маңызын түсіндіріп, семинардың қызықты өтуінесептігін тигізді. Шетелдік мамандардың берген бергенбілімі мен тәжірибесі журналистерге жұмыс барысындакөп көмек болары анық. Ал Қостанайда өтетін шараға12 қаладан 30 журналист қатысып, фактчек бойыншаотандық білікті мамандардың дәрісін тыңдап, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік алмақ. Шарада аймақтардан келетін жас журналистер жалғанақпаратқа тойтарыс берудің әдіс-тәсіліне қанық болып, ақпарат майданында кәсіби біліктілікті кәдеге жаратаалудың қыр-сырымен танысады.

b6cc2ddf-6fa4-4564-9eca-80da747aa09f

«Семинардың басты мақсатыжалғанақпаратпен күресу. Оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын жалғанақпараттардың алдын алу. Бүгінгі күніхалықтың медиасауатын ашу маңызды болыптұр. Жалған ақпарат таратқандарға қылмыстықжауапкершілік көзделетінін халыққа ұғындыруміндеті тұр. Бұл үшін халықты ақпаратпенқамтамасыз етіп отырған журналистердің өзіжаңалықтардың жалған-өтірігін ажыратып, сараптай алуы керек. Елдегі карантин шектеулері, Қасіретті қаңтар оқиғасы, Украина мен Ресей арасындағы соғыстан кейін жалғанақпарат, ақпараттық манипулация, шынайыақпаратты жасырып қалу бұрынғыдан да өршитүсті. Ал кәсіби тұрғыда ақпарат тарататынжурналистер кейде ақпараттардың рас-өтірігінажыратудан қалды. Пандемиядан кейін"инфодемия" деген термин пайда болды. Бұлсеминардың түпкі мақсатышынайыақпаратты бұрмалап, жалған ақпараттыңтаралуына соққы беруді кәсіби тұрғыдамеңгерту», - дейді Түркітілдес журналистерқорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.

1c5abeb5-c63c-426b-a617-071dd2d98844

Түркітілдес журналистер қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Басты мақсаты - Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігіншыңдап,  түркі әлемі журналистері арасында берікәріптестік орнату. Аты айтып тұрғандай, осы уақытқадейін Қордың ұйымдастыруымен түркі әлемініңжурналистері әріптестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуда елімізде және шетелдерде әртүрлішаралар ұйымдастыруға мұрындық болып келеді. Бүгінде қор жанынан ашылған Жас журналистермектебі мен Қазақстандағы әйел журналистер клубы, Медиатренерлер мектебі  тұрақты жұмыс істейді. Медиамектепте қазақстандық және шетелдіктәжірибелі мамандар журналистерге арналған түрлітақырыпта онлайн және офлайн форматта сабақбереді. Сондай-ақ 2007 жылдан бері тұрақты түрдежыл сайын журналистер арасында республикалықдеңгейде қаржы тақырыбында «Еркін сөз» байқауыұйымдастырылады.

Б.СҮЙЕУОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521