Атырауда карантин ережесін бұзғандар жазаланады

Атырау облысында № 51 қаулыға сәйкес, 27-28 күндері күшейтілген  карантин режимін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Барлығымызға белгілі болғандай, ОССО, базар, супермаркеттер, шаштараз және т.б.  жұмысын уақытша тоқтатып, үй жанындағы дүкендер ғана 10:00-20:00-дейін  қызмет жасайды.

Сол күні полицейлер көшелерді күзетіп, рейд жүргізеді. Себепсіз көшеде жүрген адамдар мен көліктер тоқтатылып, қозғалыс себебі анықталады. Көшеге шығуы негізсіз болса, қаулы ережесіне сәйкес шаралар қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер жұмысқа жол тартсаңыз, рұқсатнама қағазы болу керек.

Айта кету керек, аталған күндері жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер өз мекемесінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.

Өңірдегі коронавирус инфекциясының ахуалы күрделіп бара жатыр. Облыс бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 3209 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіштің себебінен ауруханаларда орын тапшылығы мен дәрігерлердің жетіспеушілігі орын алуда.

Дереккөз: depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз