Атырауда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 55 %-ға төмендеген

“Атырау облысында жыл басынан бері атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 55 пайызға азайған”,-деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында айтылды. Белгілі болғандай, 2021 жылдың үш айында облыс аумағында жасөспірімдерге қатысты 25 қылмыс тіркеліп, ішкі істер органының есебіне алынған. Облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайровтың мәліметінше, қылмыстың дені облыс орталығында тіркеліп отыр. “Қылмыс негізінен жәбірленушілердің жақын туыстарымен жасалған”, - деген Әлібек Қайров жасөспірімдерге қарсы жасалынып жатқан қылмыстардың, оның ішінде жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс айтты.

- Тұрмыстық , күш көрсету зорлығы, психологиялық зорлық, сексуалдық, зорлық-зомбылық түрлері бойынша ересектер арасында ұжымдық кездесулер өткізіп, жұмысқа қабылдау кезінде кадр мамандарын тестен өткізу керек, - деді Әлібек Қайров. Облыс әкімінің орынбасары облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасына, ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларына бірқатар тапсырма жүктеді.

- Кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстар азайса да, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны өсіп отыр. Ең сорақысы - қылмыстар санаты ересектер тарапынан жасалып отырғандығы. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасалған және қауіп төнген жағдайда құзырлы органдарға хабарласу қажеттілігі туралы ақпаратты халық арасында кеңінен тарату керек. Сондай-ақ, арнайы топ құрып, қысқа мерзімді кешенді жоспарлар жасақтауды тапсырамын”, - деді Бақытгүл Хаменова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT