Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев Махамбет ауданында болды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауданымызға сапары барысында ең алдымен махамбеттік кәсіпкерлер өндіретін өнімдердің көрмесін тамашалады.

Көрмеге қолөнер, ұлттықкиім, азық-түлік шығаратын барлығы 25 кәсіпкердің өнімі қойылған болатын. Облыс басшысы одан әрі "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен бірге "Өнерпаз "мәдениет үйінде өткен көшпелі жиынға қатысты. 

Жиында өлкеміздің кәсіпкерлік саласына қатысты өзекті мәселелері талқыға салынды. Көшпелі жиыннан соң облыс басшысы аудандық емханада болып, бұған дейін жүргізілген күрделі жөндеу жұмысымен танысты. 2001 жылы халық игілігіне берілген 250 орындық аурухананың бірінші қабатының қабырғалары жарылғандықтан, 2018 жылы аурухана ғимараты күрделі жөндеуден  өткізілген болатын.

Одан кейін облыс басшысы аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратына келіп жастардың атқарған жұмыстарымен танысып, жастармен еркін тақырыпта кездесу өткізді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Дүйсембаев мекеменің 2013 жылы пайдалануға берілгенін, негізгі бағыты жастарды спортқа, өнерге баулу екенін атап өтті. Бүгінде Махамбет ауданында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 7667.

- Бүгінгі күні мемлекетімізде жастарды қолдаудың барлық мүмкіндіктері бар. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Президенттің  дана және теңдестірілген саясатының арқасында    сіздер өсім мен даму үшін керемет мүмкіндіктерге ие болдыңыздар.

Сіздердің әрқайсыңыз үшін бұл ұсыныстарыңыздыі лгері жылжыту, жобаларды жүзеге асыру, жаңа идеяларды көрсету мүмкіндігі – деді Нұрлан Ноғаев жастар мен кездесу барысында. Кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев "НұрОтан" партиясы Махамбет аудандық филиалында тұрғындарды қабылдады. Арыз-шағым айта келген адамдардың мәселелерін мұқият тыңдап, оларды шешу мақсатында бір қатар мемлекеттік мекемелер басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Б.Сүйеуова.

Облыс басшысы Н.Ноғаевтың ауданымызға сапары туралы мақаланың толық нұсқасын «Жайық шұғыласы» газетінің 14 ақпанда жарық көретін №7 санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT