Атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Атырау облысы прокуратурасында 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Облыстағы криминогендік ахуал қылмыстылықтың 18% (8392-ден 6878-ге) төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді.

Қылмыстың алдын алу мен болдырмау бойынша қабылданған шаралар ұрлық санын 24% (5130-дан 3918-ге), бұзақылықтың 36% (367-ден 171-ге) төмендеуіне мүмкіндік берді.

Қылмыстық қудалау шеңберіне тарту фактілері жойылып, 6 бизнес субъектілерінің құқықтары қалпына келтірілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 3,9 млрд. теңге материалдық залал, оның ішінде 3,6 млрд. теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Экономикалық мүдделерді қорғау шеңберінде мемлекет пайдасына 3,9 млрд. теңге өндірілді, мемлекетке 250 млн. теңгеден астам соманы құрайтын мүлік қайтарылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мекемелердің 568 жұмысшысына 98 млн. теңге еңбекақы берешегінің төленуіне қол жеткізілді.

3 жыл бойы жүргізілмеген 51 мың баланың ауыз қуыстарына профилактикалық қарау жүргізілді, жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның актісі негізінде 108 студент заңсыз төленбей келген ұлғайтылған мөлшердегі 7 млн. теңге шәкіртақысын алды, ал мыңға жуық мұғалім мүгедек балалармен жұмыс жасағаны үшін тиесілі 13 млн. теңге қосымша жалақыларын алды.

Мүгедектерден табыс салығын ұстау фактілері тоқтатылды. Өткен жылы мемлекеттік мекемелермен 135 мүгедектен заңсыз 10,9 млн. теңге салық ұсталған.

Денсаулық сақтау мекемелерінде түрлі анықтамаларды беру құны 50-60%-ға төмендетілді, қауіпті жыртқыш аңдарды аулауға аңшылардан қаражат алу заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 7 табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері бұзылды және оның орнына уақытша өтемдік тарифтері бекітілді, нәтижесінде облыс бойынша 57 мыңнан астам жеке тұлғаның және мыңға жуық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Электр энергиясы үшін тариф 5,31-ден 4,51 теңгеге төмендетілді.

Кәсіпкерлерден электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлем жасату заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыс шеңберінде салық даулар мен мемлекеттік сатып алу туралы істер бойынша бюджеттің 1,2 млрд. теңге қаржысының негізсіз шығындалуына жол берілмеді.

Жер қатынастары саласында прокурорлардың актілері негізінде 40 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Атырау қаласы және Құрманғазы ауданының әкімдері, орынбасарлары, бөлім басшылары және т.б.), бюджетке жер учаскесін сатудан түсуге тиіс 70 млн. теңге қаражат кірістелді, кадастрлық құны 31,2 млн. теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, 673 адамның құқығы қорғалды.

Алқа отырысының қорытындысымен алдағы жылға міндеттер айқындалып, прокурорларға қадағалау қызметін күшейту және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға қызметті бағдарлау туралы нақты нұсқаулар берілді.

Атырау облысының прокуратурасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT