Әріптесіміз марапатқа ие болды

Ұжымдасымызды мереке қарсаңында алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әріптесіміз Кенжегүл Майбасова аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

kenje53216

Кенжегүл Сапарқызы ауданымыздың айнасы саналатын «Жайық шұғыласы» газетінде ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келеді. Редакциядағы еңбек жолын корректор болып бастаған. Заман ағымына қарай, корректорлық мамандық қысқарғаннан кейін, бүгінгі күннің сұранысына ие болып отырған сайт жұмысын жүргізуді қолға алды. Дәл қазіргі уақытта веб-редактор болып қызмет етеді.

Бұған дейін ешқашан әлеуметтік желімен жұмыс жасап көрмесе де, өзінің еңбекқорлығы мен ізденімпаздығының, сабырлы мінезі мен төзімділігінің нәтижесінде сайт жүргізу жұмысын тез меңгеріп, үнемі рейтинг көтеру үшін күш салып, аудандық газеттің сайтын алдыңғы қатарға алып шықты. Күн-түн демей жұмыс жасауды талап ететін сайт жұмысымен қатар отбасының да бар шаруасын қатар атқарып келеді.

Жан-жары Мұрагер Жолшиевпен бірге бір ұл мен екі қызды тәрбиелеп, қызын қияға қондырған аяулы ана.

Ұжымдасымызды мереке қарсаңында алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT