Аудан ардагерлері, ерлі-зайыпты Уәп Кабдыкаримов пен Райхан Кабдыкаримованы білмейтін жан кемде-кем. Қай уақытта да саяси науқанның бірде-бірінен шет қалмайтын қос қария бұл жолы да 215 учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, өзгелерге үлгі көрсетті.
-Еліміздің келешегі, ұрпағымыздың болашағы үшін маңызды сәт ол - бүгінгі референдум. Қоғамның талқысына, халықтың дауысына салынған АЭС салу мәселесінің шешімі бүгінгі референдумда белгілі болады. Әрбір азамат бұл науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауын жасауға тиіс, дейді ардагерлер.
Б.Сапарова