Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

6 қазан - жалпыхалықтық референдум күні Сарайшық ауылдық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №223 референдум учаскесінде ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Құрметке бөленгендердің бірі - зейнеткер мұғалім Фарида Ахметбекова ел тыныштығын тіледі. 

— Ұстаздық қызметті атқарып, абыроймен зейнетке шығып, бүгінде тыныш заманда ғұмыр кешіп жатырмыз. Отанымыздың игілігі үшін жасалған іс-шаралардан қалған емеспін. Бүгінде жалпыхалықтық референдумға келіп, немерелерімнің келешегіне сай ел болашағы үшін таңдауымды жасадым. Референдум учаскесінде ұстаздар күніне орай құрметке ие болып жатырмыз. Бәрі оңынан болғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді ардагер ұстаз.

Айта кетейік, №223 референдум учаскесінде 1225 дауыс беруші тіркелсе, оның 300-ге жуығы таңдауын жасап үлгерді.

Қ.БАҒЫТ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT