Алғаны алаңдатқан ауыз су

Президент тапсырмасына сәйкес, ауылдағы инфрақұрылымды жақсарту, өңірлерді дамыту аясындағы жұмыстар жалғасын тау­ып жатыр. Әйтсе де күн тәртібінен түспей келе жатқан көкейтесті мәселелер де жоқ емес. Тұрғын үй мен әлеуметтік саладан бөлек ауданға қарасты ауылдарда халықтың мұқтаждығына айналып отырған ауыз су, жазғы су жайы алаңдатып отыр.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауда­нымызда 13 өзекті мәселе шешімін күтіп тұр.

Соның ішінде Алға ауылдық округіндегі тозығы жеткен жазғы су желісін жөндеу жұмыстары бар. Ауылдық округ әкімі Расул Мусин айтуынша:

– 2016 жылы жаңартылған жазғы су желісі сапасыз жасалған. Қазіргі таңда жазғы су желісін ауыл тұрғындары пайдалана алмай отыр. Жазғы су құбыры желісін жөндеуге жобалық құжаттамасы жасақталып, құны 288 742,6 мың тг бағаланды. Облысқа бюджеттік сұраныс берілді.

Мердігер жауапсыздығының салдарын жергілікті халық көріп отыр. Жайықтың іргесінде оты­рып, жазғы суға қолы жетпеген алғалықтардың мәселесі шешімін та­бады деп сенеміз. Бүгінде ауылдың 2362 тұрғыны жаз жақындаса тозығы жеткен тұрбалардан қашан уайымсыз су алып жаратамыз деп күтумен отыр, –дейді ол.

Жазғы судан бөлек Алғаның жұртшылығын алаңдатқан апатты жағдайдағы мәдениет үйі де биыл қаражат бөлінсе қайта салынбақ. Әбден ескіріп, пайдалануға жарам­сыз болып тұрған ауылдың мәдениет ошағын салу бірінші кезекте осы Алғадан басталады дейді жауапты­лар. Сахнасында талай талант өнер көрсетіп, халықтық театрдың тұсауын кескен Алғаның өнер ордасы осындай аянышты күйде тұрғаны тұрғындарды да алаңдатады. Дәл осындай жағдай да тұрған Ортақшыл, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарына да 200 орындық мәдениет үйін салуға жобалау- сметалық құжаттамасы жасақталып, аяқталды. Қазір мемлекеттік сарапта­мадан өту кезеңінде екен. Мамандар наурыз айында қорытындысы шығады деп күтіп отыр.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT