Махамбет ауданында балабақша кезегінде 1-6 жас аралығындағы 415 бала тұр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы аудан әкімі Ринат Жанқылыш онлайн брифингте мәлімдеді.
- Кезектегі балалар санын азайту мақсатында Алға ауылынан 160 орындық жаңа балабақша ғимараты құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның құны – 684,8 млн. теңге. Қажетті қаражатқа сұраныс берілді, - деді аудан әкімі.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

