Ауыл спорты – ел ішінде салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды бірлікке, жігерге тәрбиелейтін маңызды шаралардың бірі. Осы орайда Махамбет ауданы спортшылары «Ақ бидай» республикалық ауыл спорт ойындарының облыстық іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, зор жетістіктерге қол жеткізді.
Жарыс барысында махамбеттік спортшылар бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болды. Қазақ күресінен – 3 қола, армрестлингтен – 1 күміс, 2 қола, гір тасынан – 1 күміс, 2 қола, тоғызқұмалақтан 1 күміс, 5 қола медаль олжалады. Ал асық атудан Ақжайық ауылының жігіттері командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Аудан спортшылары арасындағы ең жоғары нәтижеге футболшылар мен волей¬болшылар қол жеткізді. Футболшылар ақтық сында Мақат құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Алға ауылынан құралған волейбол командасы финалда Атырау құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Қос ұжым да Алматы қаласында өтетін «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының республикалық кезеңінде бақ сы¬найды. Бұл – махамбеттік спортшылар үшін үлкен мүмкіндік әрі аудан абыройын асқақтататын сәт болмақ.
Қ.БАҒЫТ