Агрокешен тұрақты даму жолында

2025 ЖЫЛЫ МАХАМБЕТ АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ КӨРСЕТКІШТЕР БАЙҚАЛДЫ. АУДАН КӨЛЕМІНДЕ БАРЛЫҒЫ 71 ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕН ЖЕКЕ СЕКТОРДА ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ 219 ГЕКТАР ЖЕРГЕ КАРТОП, 1036 ГЕКТАР ЖЕРГЕ КӨКӨНІС, 516 ГЕК­ТАР ЖЕРГЕ БАҚША ЖӘНЕ 3312,6 ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР ЕГІЛДІ.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨСІМ БАР

Жалпы егіс көлемі 5082 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық арт- қан. 2024 жылы аудан бойынша егіс көлемі барлығы 2388 гектар болған еді. Биыл тауарлы егіс көлемінің 1771 гектары тамшылатып суару техно­логиясы арқылы егілді. Жиын-терім науқаны да жоспарға сай жүргізілді. Картоп 180 гектар жерден 82,4 пай­ыз орындалу деңгейімен 3114 тонна жиналды. Көкөністер 970,5 гектар­дан 93,7 пайыз көрсеткішпен 32 958 тонна өнім берді. Бақша дақылдары толықтай жиналып, 516 гектардан 20 940 тонна өнім алынды. Мал азықтық дақылдары 3000 гектардан 90,6 пайыз деңгейінде орылып, 16 230 тонна өнім берді.

– Көктемгі дала жұмыстарына 8 шаруашылық 260 тонна жеңілдетіл- ген дизель отынына сұраныс беріп, толықтай алды. Ал күзгі дала жұмыстарына 12 шаруашылыққа 156 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға толық жеткізілді. Мал шаруашылығы са­ласында да тұрақты өсім байқалады. Есепті кезеңде мүйізді ірі қараның саны 19 585 басқа жетіп, 109,3 пай­ызды құрады. Жылқы – 9116 бас (101%), түйе – 5254 бас (100,6%), қой- ешкі 37 550 бас (100,7%) деңгейінде тіркелді. Төрт түлік мал толықтай есепке алынып, бірдейлендіру дерекқорына енгізілді,- дейді ау- дандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаев.

Өндірілген өнім көлемі де ар­тып келеді. Биыл ет өндірісі 1447,14 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 108,3 пайызға артты (2024 ж. – 1336,04 тн). Сүт өндірісі 3671,4 тонна болып, өткен жыл­мен салыстырғанда 91,3 пайызды көрсетті (2024 ж. – 4022,2 тн). Ал жұмыртқа өндірісі еселеп өсіп, 33 820,1 мың данаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 250,9 есеге көп (2024 ж. – 13 480 мың дана).

Жалпы алғанда Махамбет ауда­ны ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Егіс алқаптарын ұлғайту, жаңа тех­нологияларды енгізу және өндірістік тиімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРДІ ЖАҚСАРТУ ЖАЙЫ

Жуырда «Атырау облысының жайылымдық жерлерін жақсарту» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шара «Сарайшық» сапар орталығы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми-практикалық базасында ұйымдастырылды.

Семинарға жергілікті билік өкілдері, ауыл шаруашылығы ма­мандары, фермерлер мен мал шаруашылығымен айналысушы­лар қатысты. Қатысушылар «Қай дақыл түрін егу тиімді? Мал азығын молайту жолдары қандай?» деген сауалдарға ғылыми әрі практикалық тұрғыда жауап іздеді. Шара Аты­рау облысы мен Махамбет ауданы әкімдіктерінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және «Black2Green Sustainable Hub» ЖШС-нің бірлесуімен өтті.

Семинардың модераторы Олжас Нұртасұлы жайылымдардың тозуы мен шөлейттену үрдісін атап өтті. Ал аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев жай­ылымды тиімді пайдалану мен жаңа технология енгізудің маңызын ерек­ше айтты:

– Махамбет ауданы облыстың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда маңызды орын алады. Бірақ басты мәселе – мал азығы тапшылығы. Үкімет тарапынан субсидия тоқтаған соң шаруалар мал азықтық дақылдар егуге бет бұрды. Ауданда 3000 гек­тардан астам алқапқа жоңышқа, жүгері егілуде. Дегенмен, технология толық бірізденген жоқ. Тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін қолдану кеңейіп келеді. Төрт түлікті көбейту үшін ғылым мен технологи­яны ұштастыру қажет, – деді аудан әкімі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов жайылым ресурстарын тиімді және тұрақты пайдалану өңір үшін стратегиялық міндет екенін айтты:

– Су үнемдеу технологи­ялары енгізіліп, мал азығын дайындау мен жайылымның әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Х.Досмұхамедов атындағы университеттің ғылыми әлеуетін пайдалану шаруашылықтармен ынтымақтастықты күшейтеді. Бүгінгі семинар нақты ұсыныстар мен тәжірибе алмасуға жол ашты, – деді ол.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары- ның докторы, профессор Болат Мұхамбетов «Изен мен қараматау өсімдіктерінің биологиясы мен морфологиясы» тақырыбында дәріс оқыды. Ол изен шөбінің экологиялық әрі шаруашылық тұрғыдан тиімділігін ғылыми дерек­термен дәлелдеп, шөлейт аймаққа бейімделген өсімдіктердің маңызын атап өтті.

– Біздің өңірге сорго мен су­дан шөбін егу тиімді. Изен – малға құнарлы әрі қысқа төзімді өсімдік. Атырау облысының тұзды топырағы мен құрғақ климатына бейім осын­дай дақылдар жайылымды қалпына келтіруде шешуші рөл атқарады,- деді ғалым.

Семинар қорытындысында жай­ылымдарды ғылыми негізде мо­ниторингтен өткізу, шөлге төзімді көпжылдық өсімдік тұқымдарын көбейту, фермерлерге арналған тәжірибелік оқу алаңдарын ашу және жайылым айналымын енгізу жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT