Аграрлық экспортты дамытудың жаңа бағыттары

Мемлекет басшысы жолдауында аграрлық экспортты дамытуға ерекше тоқталып өтті. Бұл – бүгінгі ауыл экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Ауданымыз үшін де бұл мәселе өте маңызды, өйткені біздің әлеуетіміздің басым бөлігі дәл осы ауыл шаруашылығы саласына негізделген.

Жолдауда айтылғандай, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін тек өндіріс көлемін арттыру жеткіліксіз. Бізге логистиканы жақсарту, ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарды нақты сақтау, өнімдердің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет.

Мемлекет басшысы атап өткен міндеттер – ауданымыздың дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық бағыттар. Біз бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Баршаңызды белсенділікке шақырамын, себебі ауданның өркендеуі — әр тұрғынның еңбегіне байланысты.

 

Д.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT