29 кәсіпкерге 220,8 миллион теңге несие берілді

Махамбет ауданында биыл «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында 29 кәсіпкерге жобасы 220,8 миллион теңге көлемінде несие берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов баяндады.

Сонымен қатар, «Еңбек: нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы 33 кәсіпкер 172,4 миллион теңге несие беріліпті.

Тағы бір мысал келтірсек, кәсіпкер Тусекенова Роза мейрамхана салу үшін жер телімін алып, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 100 миллион теңге несие алуға ұсыныс берді. Осындай қолдаулардың арқасында аудан халқына 171 сауда-саттық дүкені, 1 базар, 59 қоғамдық тамақтандыру орны, 50 қызмет көрсету орны және 5 ірі өндіріс орындары қызмет етуде. Махамбет ауылындағы «Нарын» базарын қайта жаңғыртуға жасақталған ЖСҚ-ға сәйкес нысанда «Бизнес инкубатор», кәсіпкерлерді қолдау орталығы және коммуналдық базар ашуды жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі.

Atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT