28 жасында майор атанған Жазира

Солардың бірі – ауданымыздың мақтанышы, 28 жасында майор атағын алған Жазира Дюсешова.

Еліміздің құқық қорғау саласында,полиция органдарында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп, қайсарлығымен көрініп, еселі еңбегімен мойындатып жүрген қазақ қыздары аз емес.

Солардың бірі – ауданымыздың мақтанышы, 28 жасында майор атағын алған Жазира Дюсешова.

Жазираның әкесі Мұрат тергеуші болған. Бала күнінен әкесіне еліктеп өскен балғын қыздың арманы өскенде тергеуші болу болды. Осы арманның жетегіне ілесіп, орта мектепті аяқтаған соң Алматы қаласындағы академияға оқуға түседі. Казармадағы қатаң тәртіп нәзік жанды қыз балаға оңай тимеді. Бірақ «тергеуші болсам» деген асқақ арманы және әкесінің «қиындықтарға төзе білген жан ғана өзінің еңбегінің жемісін жейді. Бастаған ісін ортадан тастап кететін жаннан ешқашан мықты тергеуші шықпайды» деген сөздері жігерлендіріп, барлық қиындыққа төзуге үйретеді. Қиындықпен бірге шыңдалып, шымырланып, мәрт мінез бен қайсарлықты бойына сіңіреді. Оқу орнын бітірген соң бір жыл көлемінде аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші қызметін атқарады. Осы бір жылдың ішінде біліктілігімен көзге түсіп, лауазымы жоғарылайды. Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы тобының аға инспекторы, Жергілікті полиция қызметі ұйымдастыру аналитикалық жұмысының аға инспекторы қызметтерін абыроймен атқарып, күні бүгін әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе аға инспекторы болып, еңбек етуде. Өзі кішкене болса да үлкен қылмыстарды ашқан елеулі еңбегі үшін «полиция майоры» атағын алады.

- Таза ауада серуендегенді, детектив жанрындағы әдеби кітаптарды оқығанды ұнатамын. Өйткені қылмыскермен жұмыс жасайтын адамдардың тіл байлығы мол болуы керек. Жұмыстағы басты ұстанымым – алдымен заң қағидасына жүгіну,сосын заңдылықты сақтау арқылы азаматтардың құқығын қорғау.Түрлі қылмыстардың азаюына барынша септігімді тигізу. Қыз бала үшін қаншалықты қиын болса да осы мамандықты таңдап, сол салада қызмет етіп жүргеніме қуанбасам,ешқашан өкінбеймін. Себебі, адам баласы жан-жүрегімен сүйген қызметті атқарғанда ғана өзін толыққанды бақытты сезінеді. Мен де өзімді сондай бақытты жандардың бірімін деп санаймын, - дейді 29 жасында майор атағын алған Тәуелсіздіктің төл құрдасы Жазира Дюсешова.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT