Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Әділ Жұбанов және өңірлік коалиция мүшелері Қайыржан Мәжиев , Руслан Әженов Ақтоғай ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан коалиция өкілдері кездесуді ашық форматта өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Қайыржан Мәжиев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Қайыржан Мәжиев.
Жиын барысында Жалпыұлттық коалиция мүшесі Әділ Жұбанов жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.
Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.



