Ауыл шаруашылығына қолдау күшейді

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесіне ерекше назар аударуы – өңірлер үшін маңызды шешім. Президент атап өткендей, 2025 жылы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілуі салаға деген нақты қолдаудың айғағы.

Бұл бастамалардың нәтижесі Махамбет ауданында да айқын көрініс тауып отыр. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы мен егіншілік. 2025 жылы 5082,6 гектар алқапқа дән себіліп, 74 962 тонна өнім жиналды. Күзгі жиын-терім науқаны кезінде 200-ден астам ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы саласында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Өткен жылы ет бағытындағы құс фабрикасы мен ең ауқымды жылыжай кешені іске қосылып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау ауыл шаруашылығын дамытуға, өнім көлемін арттыруға және ауыл экономикасын нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Олжас Мырзабаев,
Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT