Жерлес самбошылар ел чемпионатында 9 медаль еншіледі

Атырауда өткен сайыста спортшылар 4 алтын, 2 күміс және 3 қола еншілеп отыр.

Самбо күресінен ерлер мен әйелдер және жауынгерлік самбодан ерлер арасында ел чемпионатының соңғы үшінші күні мәресіне жетті.

Мықтылар бәсекесінде қос бірдей жерлесіміз жүлденің биік тұғырынан көрінді.

Спорттық самбодан 62 келі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Парасат Жұмабай қарсыласты шақ келтірмей, үздік атанды.

Жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев 52 келі салмақта қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Осы салмақта тағы бір жерлесіміз Әлібек Ибатолла қола жүлде еншіледі.

Дереккөз:depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT