Жастардың спортқа деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру мақсатында «Jarqyn bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Махамбет таңы» атты спорттық-зияткерлік жарысы өтті.
Оған ауданға қарасты ауылдық округтерден барлығы жеті команда қатысып, сайыстың 6 кезеңі бойынша өзара бақ сынады. Оның ішінде, көңілді эстафеталар, тағам түрлерін жеп тауысу, ишарамен ұғыну, жасырылған әндерді табу, теңге алу, берілген тапсырманы орындау сынды қызықты кезең тапсырмаларынан сүрінбей өткен жастардың еңбегі елеусіз қалмады.
Атап айтсақ, Махамбет, Бақсай, Жалғансай, Ақтоғай ауылдық округтерінің жастары «Алғыс хатпен» марапатталса, бейбарыстықтар ІІІ орынды, ақжайықтықтар ІІ орынды иеленді. Ал, жүлделі І орынды Алға ауылының жастары қанжығаларына байлады. Сондай ақ, сайыс барысында тапқырлығы әрі шапшаңдығымен көзге түскен ақжайықтық Әли Мүтиевке «Алғыр ойыншы» және алғалық Дастан Бағытжановқа «Тапқыр ойыншы» атақтары берілді.
Жарысқа қатысқан барлық командаларға «Алғыс хат» пен диплом, кубоктар мен естелік сыйлақтар табысталды.
Б.Сапарова