Облыста "Жас мергендер" сайысы өтті.
Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында 2019 жылы 22-23 қараша күні №2 орта мектеп базасында пнематикалық мылтық және тапанша атудан өткізілген облыстық «Жас мерген» сайысына облыс, қала, аудан мектептері қатысып,бақтарын сынады.
Жарыстың мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және әскерге дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына дайындау. Бұған 14 команда қатысып, өзара сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде пнематикалық мылтық атудан 13-15 жас аралығында командалық есеп бойынша №2 мектеп І орын, Махамбет ауданы ІІ орын,ал №4 мектеп ІІІ орынға қол жеткізді.
16-17 жас аралығында командалық есеп бойынша Атырау сервис колледжісі І орын, Махамбет ауданы ІІ орын, Қызылқоға ауданы ІІІ орынға қол жеткізді.
Пнематикалық тапанша атудан Құрманғазы ауданы І орын, ІІ орынды И.Тайманов мектебі , ІІІ орынды Махамбет ауданы иеленді.
Жеңімпаз командалар грамота және медальдармен марапатталды.
Кенжегүл Сапарқызы