Жалғансайда «Батыр» спорт клубы ашылды

Ауданымызда үш жылдан бері «Ержүректілер» мүгедектер спорт клубы жұмыс жасап келеді.

Ұзақ жылдан спорт шебері Мұхадия Қуангереев ауданымызда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, «Ержүректілер» спорт клубын ашып, тоғызқұмалақтан, шахмат, шашка, дойбы, үстел теннисінен сабақ беріп, бірнеше шәкірттер тәрбиелеп шығарды.

«Шалқыма» мәдениет үйінде пандемияға байланысты бетперде киіп, ара қашықтықты сақтай отырып, «Ержүректілер» мүгедектер спорт клубының жетекшісі М.Қуангереев «Батыр» спорт клубы филиал ретінде ашылғанын, балаларды шәкірті Аружан Ғиниатова жаттықтыратынын, клубқа аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалар тегін қатыса алатынын, спорт сүйер қауымға, мектеп оқушыларына ақылы түрде қызмет көрсетілетінін қаперледі. Жаңа спорт клубы филиалының ашылуына мүгедек, мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен, көпбалалы аналар, ауылдық округ мамандары қатысты.

er51120

«Ержүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубы басшысының орынбасары Гүлден Утебалиева бүгінде клубта 45 мүше барын, есту, көру қабілеттері зақымдалған жандар да қатысатынын, мүгедектерге арнап инватакси газель автокөлігі берілгенін, 2018 жылы Есбол ауылында филиал ашылғанын, онда 15 бала қамтылып отырғанын, Аружанның өзі спортқа 2014 жылы келгенін, облыстық, республикалық жарыстарға, спартакиадаларға белсене қатысқанын еске салды. Енді «Ержүректілер» спорт клубының жанынан ашылғалы отырған «Батыр» спорт клубы жоба ретінде өз жұмысын бастайтынын, оған қажетті құрал-жабдықтар әкелінгенін, ол 2,4, 5 күндері жұмыс жасайтынын айтты. Жаттықтырушыға үйірмеге қатысатын балалардың барлық құжаттарын рәсімдеуді тапсырып, ал мектеп оқушылары ақылы негізде қатысуға болатынын айтты.

Сондай-ақ Аружанға жалақы жұмыспен қамту орталығы арқылы төленетінін, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ бәрі брайль бойынша құрастырылғанын, түскен ақшаның бәріне мүгедектерге арналған құрал-жабдықтар сатып алатындарын, енді мәдениет үйінің кіре берісіне(фойеге) үстел теннисін қойылғанын қалайтынын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубына 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қабылданатынын ескертті. Сөз арасында аудандағы «Ержүректілер» спорт клубында үстел теннисі, шахмат, шашка, дойбы, тоғызқұмалақ, диск лақтыру үйірмелері барын, ал мектеп оқушылары қанша жаттықса да оларды жарыстарға апара алмайтындарын, жарысқа тек мүгедек балалар ғана баратынын ескертті. Нұсқаушы А.Ғиниатоваға ерекше балалармен жұмыста бетперде киіп, ара қашықтықты сақтауды тапсырды.

Алдағы уақытта «Ержүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жанынан қалпына келтіру, жаттығу орталығын ашу да ойда барын айтты. Округ мамандары мен ауыл тұрғындары да Жалғансайдан ашылған ерекше жандарға арналған спорт клубына сәттілік тіледі.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT