Жалғансай ауылында кіші аяқ доптан «Zhalgansay Cup – 2023» турнирі өтті

Жалғансай орта мектебін бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер кіші аяқ доптан турнир ұйымдастырды.

«Zhalgansay Cup – 2023» деп аталған турнирде әр жас ерекшеліктері бойынша 12 команда сынға түсті. 
Қорытындысында 2000 жылғы жастардан құранған «Kyran» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 1998 жылғылардан құралған «Spartak» командасы жеңіп алса, үшінші орын 2003 жылы туған жалғансайлықтардан құралған «Galacticas» командасына бұйырды. Турнир жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы табысталды. 

Турнирдің ең жас ойыншы Ершат Молдағалиға, ең жасы үлкен ойыншы Жұмабек Садықовқа және 2008 жылы туған ойыншылардан құралған командаға да ынталандыру ретінде сыйақы берілді. «Үздік ойыншы» аталымына Ернар Саматов лайық деп танылса, Ермахан Аманқосов «Үздік сұрмерген», Ерасыл Қайсаров «Үздік қорғаушы», Айдос Хабитов «Үздік қақпашы» аталымымен марапатталды. 

Ауыл жастарының ауызбіршілігін нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған турнирді тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды. Сүйікті командасына қолдау білдіре келген балақайлар үшін батут құрылып, балмұздақ таратылды. 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT