Үш дүркін Азия чемпионына құрмет көрсетілді

Қазан айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақшы.

Алматы қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатында топ жарған жерлесіміз, әлем чемпионы Рахия Молдашеваны аудан әкімі Ринат Жанқылыш қабылдап, құрмет көрсетті. Үш дүркін Азия чемпионын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Конституция мерекесі қарсаңында дүбірлі додада жеткен жеңісімен барша аудан тұрғындары атынан құттықтап, қажырлы да абыройлы еңбегі үшін алғысын білдірді.

rahia01092021-3

- Бұл жеңіс сіздің еселі еңбегіңіз бен үздіксіз дайындығыыңыздың нәтижесі деп білеміз. Азия чемпионатында биік тұғырдан көрініп, барша қазақстандықтардың мәртебесін көтеріп, мерейін тасыттыңыз. Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз. Ізіңізді басар спортшылар шығады деген сенімдемін. Спортық додадағы толайым табыстарыңыз көбейе берсін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін,-деген аудан басшысы Р.Бауыржанұлы чемпионға алғыс хат, гүл шоғы мен бағалы сыйлықты да қоса табыстады.

rahia01092021-5

Рахия Әділгерейқызы соңғы жылдары ардагер спортшылар арасында байрақты бәсекелерде армрестлингтен облыс, Республика намысын қорғап, топ жарып, ел мерейін асқақатып келеді. Осы жылдың қазан айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақшы.

rahia01092021-2

- Құрмет көрсетіп жатқандарыңыз үшін сіздерге өзімінің және отбасымның атынан алғысымды білдіргім келеді. Жарысқа қатысатындығым белгілі болған күннен баста ұялы телефоныма тыным болмай, бәрі де сәттілік тілеп жатты. Сол тілеулері қабыл болса керек, жеңіс тұғырынан көріндім. Армрестлинг олимпиадалық спорт түрі саналмағандықтан, жарыстың шығындарын өтеу үшін демеуші іздейміз. Облыстық спорт басқармасы ақша бөлмейді емес, бөледі. Бірақ жарыс жақындаған кезде уақытылы түспей жатады,-дейді үш дүркін Азия чемпионы.

rahia01092021-4

Қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізген аудан басшысы жаңа спорт кешенінен арнайы зал бөлу де жоспарда барын тілген тиек етті. Махамбеттен шыққан тұңғыш әлем чемпионы болса да қарапайым қалпынан танбайтын Рахия Әділгерейқызын әлі талай жеңістің тұғырынан көрінеді деп сенеміз. Ең бастысы олимпиадалық ойындар қатарына кірмейтін армрестлингке жергілікті аймақтан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалса, арамыздан әлі талай чемпиондар шығары сөзсіз.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521