Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз шықты, - деп хабарлайды prosports.kz.
67 келіден жоғары салмақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды.
Есеп - 10:9. Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.
Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады.
Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.