Махамбеттік спортшы Рахия Молдашева армрестлингтен бірнеше дүркін Азия чемпионатында алтын, күміс жүлдегер атанып жүрген жерлесіміздің бірі.
Мәселен, ол 2018 жылы Бурабайда өткен ХVII Азия чемпионатында армрестлингтен екі алтынды қанжығасына байлаған-ды.
Осы 2018 жыл Рахия Әділгерейқызы үшін олжалы жыл болды десек, қателеспейміз. Өйткені, Рахия Махамбет ауданының «Жыл адамы» атанған болатын. Басында ол армрестлингке әуесқой спортшы ретінде қатысқанын айтады.
Таяуда 6-12 маусымда ол Қырғызстан Республикасының Чолпан-Ата қаласында өткен ХVIII Азия чемпионатына қатысып, күміс медальға ие болды. Алдағы уақытта Рахия Молдашева Румынияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Енді ол әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.
А.Арманова