Рахия мен Әлия бірінші орын иегері

Өткен аптада Атырау қаласында қол күресі мен кір тасын көтеруден облыстық іріктеу чемпионаты өтті.

Оған ауданымыздан әр түрлі салмақ дәрежесіндегі спортшыларымыз қатысып, бақ сынады. Аталған жарыста қол күресінен жүлделі III орынды 60 кг салмақтағы Әділханұлы Жандарбек пен 65 кг салмақтағы Үмбетов Думан иеленді. 70 кг салмақтағы Ұлықпанов Нұрлыхан мен 80 кг салмақтағы Ақылбеков Асыланбек ІІ орынмен марапатталды.

Бұған дейін әлемдік додаларда топ жарып жүрген + 60 кг салмақтағы Молдашева Рахия мен 60 кг салмақтағы Ізім Әлия жарыстың І орын иегерлері атанды. Іріктеу чемпионатының кір тасын көтеру сайысында 70 кг салмақтағы Бимагамбетов Нұрбек пен 75 кг салмақтағы Жұмағазиев Иранбек ІІІ орынға тұрақтады.

Жарыста қатарластарынан оза шауып, I орын иегері атанған спортшылар Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысатын болады.

Б.Сапарова

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT