25 маусым - 2 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көкпардан ересектер арасында «Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының кубогі» ашық республикалық турнирі өтті.
Додада атыраулық «Нарын» командасымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда сынға түсті. Атыраулықтар іріктеу кезеңінде Алматы командасын 13:1 есебімен және Нұр-Сұлтан командасын 7:4 есебімен ұтты.
Дегенмен, жартылай финалдық сында Жамбыл облысының "Әулие-ата" командасы мен бақ сынасып, 7:2 есебімен есе жіберді. Қола жүлде үшін таласта «Нарын» маңғыстаулық "Адай-Ата" командасын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша, Атырау намысын қорғап жүрген «Нарын» көкпар командасы биыл ел чемпионатында да, ел кубогінде де жүлделі үшінші орынға ие болып отыр.