Махамбеттік спортшылар жүлделі орындарды иемденді

2020 жылдың 10-11 ақпан күндері Атырау қаласындағы Қазақ соқырлар ғимаратында тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы шахматтан, 1999 жылы туылған, одан кіші жастар арасындағы тоғызқұмалақ, дойбы, шахматтан облыстық чемпионаты өткен-ді.

Аталған жарысқа Махамбет ауданы атынан "Ер жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысқан еді. Жастар арасында көзден Аманжол Ильяс дойбыдан I орынды жеңіп алса, тоғызқұмалақтан Аружан Ғиниятова жүлделі I орынды еншіледі.

d

Шахматтан Өмір Айдар жүлделі II орынға ие болса, Кубайдуллин Адлет дойбыдан IІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Сәлімжан Дина шахматтан ІІI орын алса, дойбыдан Ерланұлы Мұхаммед Мәди IІІ орынды иемденді.

d

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандар арасында Наурызбекұлы Мырзабек дойбыдан I орын алса, ал Жолшиев Диас ІІ орынға ие болды. Үлкендер арасында Жайсанбаева Айна шахматтан ІІ орын, Габдуллина Әсемгүл шахматтан І орын алып, наурыз айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.

d

Жаттықтырушысы Қуангереев Мұхадия.

А.Текебай

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21