Атырау қаласында шинкиокушинкай каратэден «ATYRAU OPEN» республикалық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша махамбеттік жас каратэшілер жақсы жекпе-жек өткізіп, 3 алтын, 2 күміс және 7қола медальға ие болды.
І орын иегерлері: Санжар Жиеналиев 12-13 жас, -40 кг дейін, Асет Өтеген 14-15 жас, -50 кг дейін; Аида Жасұланқызы 6-7 жас, +25 кг;
ІІ орын иегерлері: Айдархан Бақытжан 10-11 жас, -33 кг дейін; Арияна Сәлімгерей 14-15 жас, -50 кг дейін;
ІІІ орын иегерлері: Ілтипат Асхатқызы 6-7 жас, -25 кг дейін; Сезім Жұмажан 6-7 жас, -25 кг дейін; Жанель Нұрлыбай 6-7 жас, +25 кг; Ақбота Ахатқызы 6-7 жас, +25 кг; Бексұлтан Ринатұлы 8-9 жас, -30 кг дейін; Медина Сағынбай 10-11 жас, -35 кг дейін; Ғайша Ғибратқызы 12-13 жас, + 45 кг.
Сондай-ақ, төрешілер шешімі бойынша “Үздік жауынгер” номинациясымен Жиеналиев Санжар марапатталды.
Өз тілшіміз