9 ақпан - Бүкіләлемдік волейбол күніне орай 2005-2006 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен жарысқа Атырау қаласының 4, Махамбет ауданының 3 және Индер ауданынан 1 команда қатысты.
Тартысты өткен турнирдің финалына Махамбет ауданы мен Атырау қаласының қыздары шығып, бірінші орын махамбеттіктерге бұйырды. Күміс жүлдені Атырау қаласының командасы жеңіп алса, қола жүлдені Индер ауданының командасы иеленді.
Турнирдің "үздік ойыншысы" болып Махамбет ауданы командасының ойыншысы Айнұр Мұратова танылды. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға Кубок, медаль, алғыс хат берілсе, үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар қоса табысталды.
Қ.БАҒЫТ