Құлсары қаласында С.Х.Құлжановты еске алуға арналған волейболдан ашық облыстық турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа барлығы 10 команда қатысты.
Махамбет ауданының намысын қорғаған команда финалдық бәсекеде жылыойлықтарға есе жіберіп, екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орын Қызылқоға ауданының командасына бұйырды.
Аудан құрамасында өнер көрсеткен Диас Смағұл "үздік қорғаушы" атанса, Еркебұлан Ихсанов "үздік шабуылшы" аталымымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Кубок, медаль, диплом табысталды.
Қ.БАҒЫТ