«Махамбет ардагерлері» І орынға ие болды

Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданында жаңадан салынған «Tonykok Arena» спорт кешенінде бейбарыстық спорт ардагері Әнуар Кәкішевті еске алуға арналған кіші аяқ доптан турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған марқұмның досы Құрманғали Тасмағамбетов пен алғашқы ұстазы Серік Сапанов Ә.Кәкішев туралы естеліктерімен бөлісіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге 50 жастан жоғары футболшылардан құралған төрт ардагерлер командасы және Бейбарыстың жастары мен Кәкішевтер әулетінен құралған тағы екі команда қатысты.

Жарыс қорытындысымен Әнуар Кәкішевтің ұзақ жылдар бойына еңбек еткен ұжымы «Кедентранссервис» командасы ІІІ орынға ие болды. ІІ орын «Бейбарыстың жастарына» бұйырса, бірінші орынды «Махамбет ардагерлері» командасы жеңіп алды. М.Қартқожақов «Үздік ойыншы», Н.Қуанышев «Үздік қорғаушы», А.Аманшиев «Үздік қақпашы» аталымдарына ие болды. Марат Қартқожақов, Марс Қажы, Сәбит Габдулов, Қуаныш Ағелеуов, Сағынжан Салтанов, Ербол Есенжанов, Тимур Сәрсенбиев, Ғабит Шапауов, Мәулен Нартаевтардан құралған «Махамбеттің ардагерлері» командасы намысты қолдан бермей, жарыстың бас жүлдесіне қол жеткізді.

a

Үшінші орынға 30 мың теңге, екінші орынға 50 мың теңге, бірінші орынға 100 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде берілді.

Турнирге демеушілік көрсеткен Құрманғали Нұрғалиұлы және «Tonykok Arena» спорт кешенінің иелері, Тұрар Әбішев пен Кан Андрей есімді бейбарыстың тумалары, бұған қоса Қарағандыдан арнайы келген Марат Қожанов болды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT