Жуырда Астана қаласында өткен оқушылар мен студенттер арасындағы футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Атырау облысының құрама командасы жеңімпаз атанды.
Аталған жарысқа облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен Махамбет ауданының спортшылары, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөлімінің түлектері – Таңдай ауылынан Дәулет Мұхамбетжан, Ортақшыл ауылынан Сәтжан Сиықов, Махамбет ауылынан Данияр Сәлімжанов пен Медет Сайын қатысты. Жерлесіміз Д.Сәлімжанов аталған жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды. Жаттықтырушылары – А.Алдешов, Ә.Идрисов, Ш.Мұханғалиев және Ш.Сұлташев.
Облыс намысын абыроймен қорғаған команда қараша айында Сербия елінің астанасы Белград қаласында өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Жас аяқдоп шеберлеріне сәттілік серік болсын дейміз.
Қ.Айтқалиев