Белгілі спортшы Хабиб Нурмагомедов Атырауда өтетін ММА чемпионатына қатысу үшін келді. Бірақ әйгілі былғары қолғап шебері рингке шықпайтын болды. Ресейлік аралас жекпе-жек боксшысы Х.Нурмагомедов Қазақстанға келді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ Нурмагомедов Атырауда өтетін Gorilla Fighting Champinship 17 турнирінің құрметті қонағы болатынын хабарлаған болатын. Чемпион Атырау қаласында 27 қыркүйекте жұма күні өтетін спорттық іс-шаралар туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бұрын танымал боксшының менеджері Ризван Магмедов жеңіл салмақтағы UFC чемпионының келесі рингке шығу мерзімін атаған болатын. Рингке Нурмагомедов келесі жылдың наурыз немесе сәуір айларында шығады деп күтілуде.
Sputnik.kz
Сурет:дереккөз