Қонаев қаласында дәстүрге айналған Oceanman Kazakhstan халықаралық жарысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ашық судағы жүзу сайысына әлемнің 24 елінен 1400-ден астам қатысушы тіркелді. Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне белгілі спортшылар, олимпиада жұлдыздары Нұрбақыт Теңізбаев пен Дмитрий Баландин қатысты.
Облыс басшылығы шараның өңірдегі туризмнің дамуына сүбелі үлесі бар екенін атап өтті. Спортшылар Қапшағай су қоймасында түрлі қашықтыққа жүзіп, 2 күн бойы бақ сынайды. Ең қысқа қашықтық 500 метр болса, ең ұзағы 5 шақырымға тең.
Ералы Оралов, Oceanman Kazakhstan жарысын ұйымдастырушы: - Қауіпсіздік мәселесі толықтай шешілді. Қазір судың үстінде 24 суда жүзу қайығы бар. Оған қосымша ТЖМ қосылып, бәрі жақсы.